Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда COVID-19-бен күрес: 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды

Қазақстанда COVID-19-бен күрес: 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды

Есеп комитеті пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылуын бақылау кезінде 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Есеп комитеті өзінің 2020 жылғы жұмысының қорытындысын жасады. Аудитпен 47 триллионнан аса теңге қамтылды, бұл 2019 жылға қарағанда 38 пайызға артық және 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9 есе жоғары.
Жалпы 2,2 триллион теңге қамтылған. 344 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар - 34 миллиард теңге, қаражатты тиімсіз пайдалану және жоспарлау бойынша - 310 миллиард теңге. Оның 146 миллиарды ғана өтелген. 

2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 96 миллиард теңге, ал агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 49 миллиард теңге бұзушылық анықталды.


https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-covid-19-ben-kures-344-milliard-tengenn-318660/​​​
05 ақпан 2021 ж. 373 0