Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық сотына – 85 жыл

Қызылорда облыстық сотына – 85 жыл

Бүгін Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығы аясында «Жаңа Қазақстандағы сот жүйесін жетілдіру» тақырыбында Қызылорда облыстық соты және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Л.Букалерова, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Л.Бурханова, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Е.Әбдірасұлов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған професссоры, заң ғылымдарының кандидаты Н.Калкаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің професссоры, заң ғылымдарының докторы Б.Тайторина, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Ж.Базартай қатысты.

Конференцияны Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Байқадамов ашып, саланың маңыздылығын, соттың әрбір шешімінің артында адам тағдыры тұрғанын, сот төрелігін жүргізетін судьялардың мәртебесі арнайы заңмен айқындалғанын атап өтті.

Шарада сөз алған Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев бүгінгі конференцияның мақсаты – сот төрелігін іске асыру бойынша өзара тәжірибе алмасу, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау, алдағы басымдықтарды анықтау екенін атап өтіп, сот жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қоғамның дамуына әсер ететінін, осы мақсатта еліміздің сот жүйесінде бірқатар реформалар жүргізіліп келе жатқанын, соның нәтижесінде, сот жүйесінде дауларды жан-жақты және объективті қараудың озық тәжірибесі қалыптасқанына тоқталды.

Конференция барысында Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Л.Букалерова заманауи саяси, экономикалық жағдайдағы қылмыскер-мигранттың тұлғасы тақырыбында баяндама жасап, мәселесін көтерді.

Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Л.Бурханова өзінің баяндамасында Өзбекстан Республикасыны азаматтық құқық бойынша із-түссіз жоғалған жеке тұлғаларды, сот тәртібімен жоғалған деп тануды дәлелдеу процессін құқықтық реттеудің ерекшелігі тақырыбын қозғап, өзекті мәселелерге
тоқталып өтті.

Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Е.Әбдірасұлов өзінің баяндамасында сот билігінің тәуелсіздігі - сот жүйесі билік тармақтарынан тәуелсіз болуы керектігін, басқа мемлекеттік органдар, соның ішінде атқарушы және заң шығарушы органдар сот билігінің жұмысын шектемей, сот шешімдеріне араласпау керектігін атап өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Н.Калкаева Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша процестік келісімді
институцияландыру мәселелерін көтеріп, процестік келісімді институцияландырудың
артықшылықтары – қатысушылар арасында
туындайтын қатынастарға жүйелілік беру,
құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары
мен міндеттері арасындағы теңгерімді
қамтамасыз ету, процестік келісімді
қылмыстық процесс қағидаларына сәйкестендіру, процестік келісімге
қатысты қарама-қайшылықтарды жою болып табылатынын атап көрсетті.

Конференцияға қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.


		</div>	

		<div class=
06 желтоқсан 2023 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930