Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» тақырыбында республикалық онлайн конференция өтті

«Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» тақырыбында республикалық онлайн конференция өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» тақырыбында республикалық онлайн конференция өтті.
Конференция тарих ғылымдарының кандидаты, шараның модераторы Н.Мыңжастың кіріспе сөзінен басталды.
Республикалық басқосуда М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Гүлжахан Орда, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Марат Бекбосынов, Шәкәрім университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Айман Ақтанова, «Өрлеу» ұлттық орталығының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберліұлы, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайберген, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Қосанов сынды белгілі ғалымдар ақын мұрасы жайлы тың деректерге негізделген баяндамалар жасады.
«Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шығармалары бүкіл әлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз.
Абайға арналған бүгінгі республикалық дәрежедегі ғылыми конференция ақын мұрасын жас ұрпаққа үлгі етуді көздейді. Абай шығармашылығы арқылы біз адамтануға, адами капитал идеясына түбегейлі бет бұрып жатырмыз», – дейді Нұрлыбек Мыңжас.
10 тамыз 2020 ж. 302 0