Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жаңа әліпбиді сынамадан өткізу жұмыстары басталды

Алматыда жаңа әліпбиді сынамадан өткізу жұмыстары басталды



Елімізде жаңа әліпбиді сынамадан өткізу жұмыстары жалғасуда. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде және Сүлейман Демирел атындағы университетте өткізілген сынама жұмыстарына Алматы қаласының және Алматы облыстарының 300-ден астам тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сынама жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Сынама жұмыстарын бастар алдында қатысушыларға Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық насихат жұмыс тобының жетекшісі, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек қатысушыларға сынаманың мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.
«Латын әліпбиіне көшу – өркениетке ілесу. Елбасы жолдауда «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады деп есептеймін», – деп атап өтті орталық директоры Е. Тілешов.
Сынамаға Алматы, Каскелең қалаларынан басқармалардың, департаменттердің, әкімдіктердің қызметкерлері, оқытушылар, студенттер, жалпы саны 320 адам қатысты.
«Жалпы емле ережелерін жасауда өте мұқият болу керек. Әрбір бапты талдап, талқылап, апробациядан өткізіп барып қабылдаған дұрыс. Міне, бүгінгі апробация(сынама) ісі осыған байланысты. Естеріңізде болса, 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданғанымен, емле ережесі тек 1957 жылы ғана бекітілді және оған 1983 жылы өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Соған қарамастан, ол ереженің жоғарыда көрсетілгендей кейбір кемшін тұстарының бар екені әлі де айтылып жүр. Сондықтан қателеспес үшін енді қабылданар емле ережелеріне мұқият қарағанымыз абзал» - деді «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек.
Сынаққа қатысқан Алматы, Каскелең қалаларының, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің, Сүлеймен Демерел университетінің оқытушылары мен студенттері жаңа әліпбидің жобасына зор қызығушылық таныттып, қызу талқылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сынама нәтижесінде берілген ұсыныстар негізгі емле ережелерді әзірлеу барысында ескерілетін болады.


Baq.kz сайты
18 тамыз 2018 ж. 887 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930