Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Партияның облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылды

Партияның облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылды


Фото: «AMANAT» партиясы

Әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан әйелдер қанаты құрылды.

Партия филиалы жанынан құрылған әйелдер қанаты отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылықтарын дәріптейді. Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетіп, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуына жағдай жасауға бағытталып отыр. Мұны өңірге арнайы келіп, нәзік жандылармен кездескен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапаққызы атап өтті.

«AMANAT» партиясы әйелдер қанаты атқаратын жұмыстың 10 басым бағытын әзірледі. Оның ішінде, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, ауылдағы бизнес, отбасы денсаулығы мен құндылықтары, экономикалық құқықтар, әйелдердің ғылымдағы рөлі және тағы басқа бағытта бар. Әр бағыт бойынша сараптамалық топтар жұмыс істейді. Олар туындаған мәселелерді шешуге қатысты өз пайым-пікірін ұсынады», – деді Үнзила Шапақ.


Жиынды жүргізген партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова «AMANAT» партиясы тарапынан қолға алынып жатқан «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» секілді тың жобалардың ел игілігін көріп жатқандығын соның ішінде қыз-келіншектерді қоғамдық өмірге, саяси көшбасшылыққа тарту, олардың әлеуметтік-экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған «Томирис» жобасының ерекшелігін атап өтіп, өткен жылы бастау алған жобаның биыл ауқымы кеңейіп, партияның Әйелдер қанаты барлық аймақтарда құрылып жатқандығын жеткізді.

Жиын барысында партияның облыстық филиаланың Атқарушы хатшысы бүгіннен өз жұмысын бастайтын партияның Әйелдер облыстық қанаты жетекшілігіне партияның облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросы шешімімен «Анаға тағзым» орталығының басшысы, аймаққа танымал журналист, қоғам белсендісі Молжанова Алтынай Бекмағанбетқызының ұсынылып, бекітілгенін атап өтті.
«Анаға тағзым» ғимаратында Президент тапсырмасына сәйкес  «Әйелдердің креативті индустрия орталығы» жұмысын бастаған болатын. Қолынан іс келетін, жаңаша ұлттық брендтерді ойлап тауып, экспорт дамуына үлес қосатын әйел азаматтарды бір жерге топтасуына мүмкіндік жасалған. Мұнан «Мирас» әжелер клубы, «Ұлт жақұты» музей залы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Сырғалым» сырласу клубы, «Жас отау» жас отбасылар мектебі, «Ана тілі» дебат клубы жұмыс жасайды. Әрине, мақсат ортақ. Ол – әйел азаматтарды жан-жақты қолдау. Сондықтан бұл лауазым маған қай жағынан болса да үлкен жауапкершілік  жүктейді. Бірлесіп жұмыс жасауға дайынмын», – деді Алтынай Молжанова.


Жалпы аймақта 45 мыңнан астам партия мүшесінің 63 пайызы әйелдер.Жергілікті мәслихаттарда 21 әйел депутат бар. Белсенді әйелдердің басын біріктірген жобаның ашылуында өңірдегі саясат, білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік, үкіметтік емес ұйымдар және т.б салаларда табысты қызмет етіп келе жатқан әйелдер өз ойларын ортаға салып, түрлі ұсыныстарымен бөлісті.

Атап өтейік, өңірге арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапаққызы «Анаға тағзым» ескерткішіне гүл шоғын қойып, орталық жұмысымен танысты.Сонымен қатар отбасы орталығында болып, жаңа ғимаратты көрді.
21 қараша 2023 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031