Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнан 90 жыл бұрын – Шиеліде

Мұнан 90 жыл бұрын – Шиеліде

Қызылорда облысының қалыптасуына байланысты 1938 жылдың ақпан айында Шиелі ауданы өз алдына дербес аудан болып қалыптасып, Жаңақорған ауданынан бөлініп шықты. Бұрынғы Қызылорда ауданынан Тартоғай ауылдық, көшесі қосылды.
Ауданда сол кезде 9 ауылдық кеңес, теміржол стансасы, бекеттері және 31 елді мекендер бар болатын. Шиелі және Жөлек қыстақтары бар еді. Аудан негізінен күріш, мақта егіп, мал шаруашылығымен айналысты. Орденді азаматтар болған жоқ, 15 азамат «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісінің иегері болса, сауатты жандар саны – 2044, шала сауаттылар – 1237, аудандық газет жоқ болатын. Екі колхозда ғана клуб бар болса, орталықта теміржол клубы жұмыс істеді, кітапхана болған жоқ, радиоторабы болмады. Коммунистер саны – 152 болса, оның 15-і әйелдер, оның ішінде – 5-і қазақ әйелдері болатын.

Шиелілік жастардың майданға көмектері
Мұнан 75 жыл бұрын, яғни, 1943 жылы жаудан азат етілген Орлов облысына Шиелі ауданының жастары 219 центнер астық, 11900 сом ақша, 91 килограмм май, 940 ұйық, 171 дана қолғап, 10 көйлек, 27 пима, 55 кеудеше, 18 бәтеңке, 450 жұп шұлық жинап, көмекке жіберді.

«Өскен өңір», №53, 2013 жыл, 13 шілде.
04 мамыр 2018 ж. 2 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031