Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Газа секторы балалар моласына айналып барады – БҰҰ бас хатшысы

Газа секторы балалар моласына айналып барады – БҰҰ бас хатшысы


Фото: Mohammed Salem / Reuters

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Газа секторындағы ұрыс қимылдарын тағы сынап, бейбіт халықты бомбалауды дереу тоқтатуды талап етті. Сондай- ақ ол Газа халқына гуманитарлық көмекті жалғастыра беру керектігін айтты.

The Guardian басылымының хабарлауынша, БҰҰ бас хатшысы Израильдің соғыс жүргізудің халықаралық заңдарын ашық түрде бұзып, ХАМАС-қа қарсы соғыста бейбіт халық шоғырланған жерлерге аямай соққы беріп жатқанын мәлімдеді.  

Қазір Израильдің бейбіт тұрғындарды бомбалауының кесірінен 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың көбі – балалар мен әйелдер. Халық бомбадан сақтану үшін ауруханаларды, босқындар лагерьлерін, мешіттер мен шіркеулерді паналауға мәжбүр болып отыр. Бірақ Израиль соған да қарамай, азаматтық инфрақұрылымдарды соққының астына алып жатыр. Соның кесірінен Газа балалар моласына айналып барады, – деді БҰҰ бас хатшысы.

Оның айтуынша, Газаның 2,7 млн халқына гуманитарлық көмек беру үшін 1,2 млрд доллар керек. Ал Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторын ХАМАС ұйымынан тазартпайынша, операцияның тоқтамайтынын ескертті.

ХАМАС 240 адамды тұтқында ұстап отыр. Олардың бәрі босатылуы керек. Бірақ босатылғанның өзінде біз ХАМАС-тың көзін құртпайынша соғысты аяқтамаймыз, – деді ол.

Еске сала кетсек, 7 қазанда ХАМАС ұйымының сарбаздары Израильге шабуыл жасап, 1 400 адамды атып тастаған. Одан кейін тұтқынға 240 адамды алған. Кейбір мәліметке қарағанда, ХАМАС 180 адамды, «Ислам жиһады» ұйымы 40 адамды және басқа да палестиндік ұйымдар 20 адамды тұтқында ұстап отыр.

Өткен аптада Израиль әскері Газа секторын қоршап, оны екіге бөліп тастады. ЦАХАЛ палестиндіктерге Газа секторының солтүстігінде ХАМАС-қа қарсы соғыс болатынын, сондықтан елдің оңтүстігіне көшуді ұсынды.

Қазір Газа халқы гуманитарлық көмекке зәру. Соңғы дерекке қарағанда, онда 10 мыңнан астам халық қаза тауып, 20 мыңға жуық адам жарақат алған. Осыған байланысты Газаға ел-елден, жер-жерден гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Қазақстан да Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек аударды

БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің ақпаратына сәйкес, Газа секторындағы халықтың жағдайы өте қиын. 2 млн-нан аса адам азық-түлік көмегіне мұқтаж.
08 қараша 2023 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031