Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль әскері Газаны толығымен қоршап, екіге бөлді

Израиль әскері Газаны толығымен қоршап, екіге бөлді


Израиль әскерилері өз әскерінің Газа қаласының оңтүстігіндегі жағалау сызығына жеткенін хабарлады. Kazinform бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль армиясының өкілі Даниэль Хагари бұқаралық ақпарат құралдарына Газа секторындағы операция туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, ЦАХАЛ күштері Газа қаласын толығымен қоршап алған.

Әскерлер жағалау сызығына жетіп, Газа секторын «Солтүстік Газа» және «Оңтүстік Газа» деп екіге бөлді.

Ол Израиль Газа секторының солтүстігінде және үлкен Газа қаласында құрлықтағы шабуыл операциясын жалғастыратынын айтты.
Газа секторындағы ВВС тілшісі Рушди Абуалуфтың айтуынша, жексенбі күні кешке жасалған әуе шабуылдары Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бергі ең ауыр соққы болды. Оның айтуынша, соққылар Газаның солтүстік-батысына бағытталған. Ондағы Шати лагері деп аталатын босқындар лагері талқандалды.

Батыс жағалауда орналасқан Палестина автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі Газада тұрғын үйдің 50%-дан астамы қирағанын мәлімдеді. Газа секторы халқының шамамен 70%-ы қоныс аударды. Науқастарды қабылдай алатын 35 жергілікті аурухананың 16-сы жұмысын тоқтатты. Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің 45 ғимараты зақымданды. Кем дегенде 7 шіркеу мен 55 мешіт бүлінген.

ХАМАС тобы басқаратын Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігі 7 қазаннан бастап Газа секторында 9700-ден астам адам қаза тапқанын хабарлады.
06 қараша 2023 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930