Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ХАМАС Израильмен бітімге келу үшін талаптарын атады

ХАМАС Израильмен бітімге келу үшін талаптарын атады

ХАМАС қозғалысы Израильмен келіссөздердегі делдалдарға деэскалацияның басты талабы - атысты тоқтату екенін хабарлады. Бұл туралы Палестинадан тыс әрекет ететін қозғалыстың саяси бюросының басшысы Халед Машааль айтты.  
"Түркия, Қатар және Мысыр Газа секторы мен Иерусалимдегі израильдік шабуылдарды тоқтату үшін күш салып жатыр", - деді Машааль Түркияның TRT Arabic телеарнасына.
ХАМАС талаптарында Израиль қауіпсіздік күштерін әл-Ақса мешітінен шығару, онда намаз оқуға еркін баруға мүмкіндік беру, Шейх-Джаррах ауданынан тұрғындарды шығаруды тоқтату және соңғы эскалация кезінде ұсталғандардың бәрін босату туралы айтылған.
"Біз делдалдарға агрессияны тоқтату бірінші кезектегі талап екенін хабарладық", - деді Машааль.
Израиль мен Газа секторындағы жағдай 10 мамырда кешке шиеленісе түсті. Израиль армиясының мәліметінше, қақтығыс күшейген сәттен бастап Палестина анклавының аумағынан 2 мыңнан аса зымыран атылды, олардың жартысына жуығы "Темір күмбез" жүйесімен залалсыздандырылды. Соңғы мәліметтер бойынша, Израильде жеті бейбіт тұрғын мен бір әскери қызметкер қайтыс болды. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторына жүздеген соққы жасады. Салдарынан, Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 126 адам қайтыс болып, 950 адам жарақат алды.


16 мамыр 2021 ж. 105 0

Соңғы жаңалықтар

Солақайды сынама!

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

Қоғам

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (8900)

12 маусым 2021 ж.

№45 (8899)

08 маусым 2021 ж.

№44 (8898)

05 маусым 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам