Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада түркістандық есірткі тасымалдаушы сотталды

Қызылордада түркістандық есірткі тасымалдаушы сотталды


Сурет ашық дереккөзден

Түркістан қаласынан азаматы «ІnDriver» қалааралық такси қызметін көрсете отырып, Түркістан қаласынан Астана қаласына, «Huyndai elantra» автокөлігімен, «Қызылорда – Павлодар» тас жолымен жолға шыққан.

Такси жүргізушісін полиция қызметкерлері тоқтатып, көлікті қызметтік иттің көмегімен тексереді. Тексеру барысында машинаның жүксалғышындағы сөмке ішінен 150 дана сіріңке қораптарына салынған марихуана шықса, сондай-ақ алдынғы жолаушының орындығының астынан тағы 4 қорап табылған, жалпы салмағы 1кг 14гр құраған.

Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, такси жүргізушісінде табылған «жүкті» Түркістан тұрғыны Астана қаласына жеткізу үшін сәлемдеме ретінде бергені анықталды. Сәлемдеме жіберуші ұсталды.

Қызылорда соты ұсталған адамды ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу ) және оны он екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
06 қараша 2023 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031