Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотталған азаматқа жақындары есірткі жеткізбек болды

Сотталған азаматқа жақындары есірткі жеткізбек болды


Қызылорда облысында сотталған азаматқа жақындары есірткі жеткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінінде жазасын өтеп жатқан азаматпен ұзақ мерзімді кездесу мақсатында келген сотталғанның жақындары әкелген сәлем-сауқатты мекеме қызметкерлері тексеру барысында қыстық қос аяқ киімнің ішінен белгісіз зат табылды.

Оқиға мекеме басшысына баяндалып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылып, табылған зат тіркеуге алынды. Сот химиялық сараптамасының қорытындысымен жасыл түсті, хош иісті, 61,61 грамм марихуана екені анықталды.

– Өз қызметімді орындау барысында сотталған азаматқа әкелінген сәлем-сауқатты тексеру кезінде қыстық екі аяқ киімнің ішінен белгісіз заттың жасырынғанын байқадым. Алып қарағанымда, екі белгісіз заттың жасырынғанын байқап, дереу мекеме басшылығына баяндап, тыйым салынған заттың мекеменің ішкі аймағына енуінің алдын алдым, – деді режим бөлімінің тексеру тобының аға жедел уәкілі Самат Омаров.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
19 қазан 2023 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930