Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 20 жылға сотталған азамат түрмеде үйленді

Қызылордада 20 жылға сотталған азамат түрмеде үйленді

Қызылорда

Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру қылмысы бойынша 20 жылға сотталған азамат түрмеде некесін қиды деп хабарлады turkystan.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан азамат сөйлесіп жүрген сүйіктісімен байланысын үзбей, міне енді отбасын құрды деп жазды Polisia.kz.

«Міне, заңды некеге тұрдым. Некелесіп отырған жарымды бостандықта жүрген кезден бері танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуміз некемізді қиып, үйленуге шешім қабылдадық», – дейді жазасын өтеуші азамат.

Мекеме бастығының айтуынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Ал өткен жылдың өзінде 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға оң әсер етеді екен.

«Сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам деп жақсы жаққа өзгеруге тырысады», – дейді мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуов.
16 маусым 2023 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031