Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САЙЛАУ НАУҚАНЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САЙЛАУ НАУҚАНЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз» деген болатын.

Мемлекет басшысының бастамасымен, биылғы жылдың 5 қарашасында елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін пилоттық режимде сайлау өткізу белгіленді.





Осы ретте, бүгін Шиелі ауданында жергілікті уақыт сағат 7.00-де аудан әкімінің сайлауы басталды. Аудандағы барлық сайлау учаскесінде Мемлекеттік Гимн орындалып, сайлаушылар дауыс беруге жиналды.

Еңбекші ауылдық округі №297 сайлау учаскесіне ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Айта кетейік, ауылдағы сайлаушылар саны – 1036 болса, үйден дауыс берушілер саны – 11.
05 қараша 2023 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930