Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талаптандықтар таңдау жасауда!

Талаптандықтар таңдау жасауда!


 Еліміз Тәуелсіздік алғалы сайлау туралы әңгіме әсте саябырсыған емес. Ауыл әкімдерінен бастап, аудан, облыс басшыларын, тіпті соттарды да халық сайлау керек деген ұстаным көптен бері айтылып келеді. Бірақ, енді ғана жүзеге аса бастады. Биылдан бастап ауыл әкімдерін, 2024 жылдан аудан басшыларын халықтың өзі сайлайтын болады.

Биылғы ауыл әкімдерін сайлау науқанының «қызуы» шіліңгір шілденің аптабынан да ыстық болуда. №273 Талаптан сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлау науқаны жүргізілуде. Саяси науқанға аудан халқы белсене қатысуда. Талаптан ауылдық округін 3676 халық мекен етсе, оның 2244-і сайлаушылар тізімінде. 
Сайлаудың өз деңгейінде өтуі электораттың, яғни Сіз бен біздің оның маңызы мен қажеттілігі жөніндегі түсінігімізге, сайлаудың елдің саяси өміріндегі салмағын қаншалықты сараптай алатынымызға байланысты. Әрине, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өздері ұсынған үміткерлердің сайлауда жеңіске жетуіне мүдделі. Доданың мәнісі де осында болса керек. Оның үстіне ауқымы жағынан шағындау болса да, ауыл әкіміне лайықты азаматтарды іріктеуде сол өңірдегі геосаяси ахуалдың да өзіндік ықпалы болатынын естен шығармағанымыз абзал, – дейді Әйелдер кеңесінің төрайымы К.Әшірбекова. 
01 тамыз 2021 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930