Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Covid-19 пандемиясы кезінде 50 жастан асқан адамдардың ақыл-ой қабілеті төмендеген – зерттеу

Covid-19 пандемиясы кезінде 50 жастан асқан адамдардың ақыл-ой қабілеті төмендеген – зерттеу


Жаңа зерттеу Ұлыбританияда Covid-19 пандемиясы 50 жас пен одан асқан адамдардың ақыл-ой қабілетіне әсер еткенін анықтады. Kazinform бұл туралы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш мыңнан астам ерікті пандемия кезіндегі есте сақтау қабілеті мен басқа да когнитивті өзгерістерін өлшеу үшін сауалнама толтырып, когнитивті тесттер тапсырған. Зерттеу нәтижесі вирус белгілерінің бар-жоғына қарамастан ақыл-ой белсенділігі төмендегенін көрсеткен.

Сарапшылардың пікірінше, ақыл-ой қабілеті төмендеуінің кейбіріне күйзеліс, жалғыздық пен ішімдік ішу себеп болуы мүмкін. Олардың айтуынша, коронавирустан туындаған қорқыныш, мазасыздық, сенімсіздік пен күн тәртібі бұзылуының адам миына «шынайы, ұзақ мерзімді» әсері болған.

Сондай-ақ зерттеу когнитивті қызметтің төмендеу қарқыны пандемияның алғашқы жылы, карантин шектеулері енгізілген кезде күшейгенін анықтады.

Адамдардың есте сақтау қабілетінің нашарлауы пандемияның екінші жылы да жалғаса берген.

Пандемия басталғанға дейін есте сақтау қабілетіне байланысты білінер-білінбес мәселелері болса, пандемия кезінде ушығып кеткен.
Зерттеу нәтижесі пандемия уақытындағы карантин және басқа да шектеулер 50 жас пен одан асқан адамдардың миының саулығына, тіпті карантин біткеннен кейін де айтарлықтай әрі ұзақмерзімді әсер еткен.

Брайтон және Сассекс Медицина мектебінің деменция бойынша сарапшысы, дәрігер Дорина Кадар тұрғындарға пандемияның жалпы әсері сұмдық болғанын айтты. Ол қосымша зерттеу жүргізуді ұсынды. Зерттеу нәтижесі себеп пен салдарды дәлелдей алмаса да жоғарыда айтылған әлеуметтік оқшаулану сынды факторлар ми жұмысына кері әсер ететінін дәлелдейтін жағдайлар жиі кездесіп жатыр.

Өкінішке қарай, қазір деменцияның алдын алатын сенімді тәсіл жоқ, бірақ үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, жүректің саулығын бақылап жүру қажет.
03 қараша 2023 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930