Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Таулы Қарабақтан Арменияға 30 мыңға жуық босқын үдере көшті

Таулы Қарабақтан Арменияға 30 мыңға жуық босқын үдере көшті


фото: Maxar Technologies/Reuters

Таулы Қарабақтан Арменияға 30 мыңға жуық босқын оралған.

Maxar Space компаниясы этникалық армениялықтардың аймақты тастап кетіп жатқан сәттегі спутниктік суреттерін жариялады. Ол суреттер Таулы Қарабақ пен Арменияны байланыстыратын Лачинск дәлізінде түсірілген.

Айта кетсек, Әзербайжанның Таулы Қарабақта бақылау орнатуға бағытталған әскери операциясы 19 қыркүйекте басталып, келесі күні аяқталған еді. Баку және Степанакерт ресейлік бітімгерлердің ұсынысы бойынша атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Армения келісімнің құрылуына қатыспады, - деді елдің премьер-министрі Никол Пашинян.

Ал 26 қыркүйекте 28 мыңнан астам босқын Арменияға ат басын тіреді. Жалпы, қазір ел билігі босқындарға арналған 40 мың орын дайындап отыр.
27 қыркүйек 2023 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930