Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Байтілес Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Ержан Байтілес Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

Фото: Берік Уәли/facebook.com

ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына Ержан Байтілес тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын», – деп жазды Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі журналист.

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан. Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған.
14 қыркүйек 2023 ж. 220 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930