Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналист Ержан Байтілес саяси қызметке тағайындалды

Журналист Ержан Байтілес саяси қызметке тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады. «Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат. Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Солайша мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр. Әріптесімізге жаңа жұмысында толағай табыс тілейміз. Алар асуың, бағындырар биігің көп болсын», - деп жазды Берік Уәли.

https://24.kz​​​
03 маусым 2021 ж. 1 405 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам