Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Қазыханов арнайы өкіл лауазымына тағайындалды

Ержан Қазыханов арнайы өкіл лауазымына тағайындалды

Ержан ҚазыхановЕржан Қазыханов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Ержан Ашықбаев тағайындалған болатын. Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. 
Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.

kaz.tengrinews.kz

05 сәуір 2021 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031