Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгілі журналист жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист жаңа қызметке тағайындалды

Ержан Байтілес Президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 
«Президенттің Баспасөз қызметі тағы бір білікті кадрмен толықты. Журналистиканың қазанында қайнаған, «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеп, қазіргі қалам ұстаған қайраткер ағалардың тәлімін алған Ержан Байтілес бүгіннен бастап Президенттің Баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты. Ержан журналистикадан бөлек қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінде жүріп біраз тәжірибе жинады. Журналистикада, қоғамдық жұмыстағы тәжірибесі Президент Баспасөз қызметінің жұмысына өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Жұмысыңа табыс, шығармашылығыңа шалқар шабыт тілеймін, Ержан!» деп жазды Берік Уәли. 
"Өскен өңір" ақпарат
03 қазан 2019 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031