Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған


Фото: Жетісу облысы Полиция департаменті

6 қыркүйекте «Қорғас» ХШЫО аумағында төбелес болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Төбелеске 20-26 жас аралығындағы бір топ жергілікті тұрғындар қатысқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ», – делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Табылған травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды.
08 қыркүйек 2023 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728