Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада пара алған полицей қолға түсті

Қызылордада пара алған полицей қолға түсті

Қызылорда облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлер арасында жемқорлықты болдырмау және заңдылықты сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізді. Аталған шара барысында департаменттің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі пара алғаны үшін ұсталды.
«Бүгінгі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша (пара алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның барысында күдіктінің жасаған іс-әрекетіне сәйкес заңда белгіленген тәртіппен тиісті құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесінде өзге ақпараттар жариялануға жатпайды. Полицияда погондарына кір келтірмейтін, адал және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс», – деп атап өтті Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан. 
20 сәуір 2020 ж. 1 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930