Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі полицей мен Өзбекстан азаматы жол апатынан қаза болды

Екі полицей мен Өзбекстан азаматы жол апатынан қаза болды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«13 шілдеде сағат 17.35-те Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы-Екатеринбург тас жолының 380-шақырымында SsanYong маркалы қызметтік автокөлігінің аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзушыларды жеткізу кезінде орын алған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген департаменттің хабарламасында.


15 шілде 2019 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031