Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада полиция қызметкері қаза тапты: желіде жанып жатқан көліктің видеосы пайда болды

Астанада полиция қызметкері қаза тапты: желіде жанып жатқан көліктің видеосы пайда болды


Адам өліміне қатысты дерек бойынша елордалық ІІД қызметтік тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Instagram әлеуметтік желісіндегі @astanovka98 парақшада Астанада болған қорқынышты жол апатының видеосы жарияланды. Жол апаты салдарынан 23 жасар полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды BNews.kz.
Еске салсақ, Түркістан көшесінде 4 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында тіркелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. DODGE CHALLENNGER маркалы атвокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған және жол жиектасына соғылған. Кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыратын бағанға соғылған. Осыдан кейін көліктен өрт шыққан. Жол апаты салдарынан 23 жастағы жолаушы - Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы жол-патрульдік қызметі полкінің полицейі көз жұмғаны белгілі болды. Ол DODGE CHALLENNGER көлігінің ішінде болған.  
bnews.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 974 0