Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Экс-депутат Бекболат Тілеухан немен айналысып жүр

Экс-депутат Бекболат Тілеухан немен айналысып жүр


фото: ашық дереккөзден

Бүгінде Мәжілісінің экс-депутаты және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бұрынғы басшысы Бекболат Тілеухан Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті қызметін атқарады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдаулет Сәбитов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ол Бекболат Тілеуханның Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын айта келе, қазір бұл салада қызмет етпейтінін мәлім етті. Дегенмен Түркияда Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы бар. Онда сол ұйымда вице-президент қызметін атқарады.

«Келесі жылы біз осы конфедерациямен бірге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткіземіз. Бұл мәселеде оның тарапынан қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз», - деп жауап берді Бақдаулет Сәбитов БАҚ өкілдерінің сауалына.
05 қыркүйек 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930