Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отпен ойнап, бірдеңені ұшықтырып алмайық – Бекболат Тілеухан

Отпен ойнап, бірдеңені ұшықтырып алмайық – Бекболат Тілеухан

BAQ.KZ. ҚР Парламентінің депутаты Бекболат Тілеухан Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жер сату мәселесіне түбегейлі қарсы екенін айтты.

Қазақ үшін жер мәселесі экономикалық сипаттағы дүние емес. Қазақ үшін жер киелі, рухани сипаттағы ұғым. Қазір жер сату деген сөзді айту аса қатерлі. Ешқандай қисын, ешқандай уәжге түсінуге қабілетсізбіз. Асылбек ініміз жер сатуға көпшілік қарсы емес деді, олай емес қатарымда отырған Жанарбек Әшімжан, Берік Әбдіғалиұлы сынды депуттар жердің сатылуына түбегейлі қарсымыз. Өйткені «халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей біз халықтың арасынан шығып отырған соң, олардың үнін айту біздің мойнымыздағы аманат, міндет,-деді депутат.

Сонымен қатар ол жерді 49 жыл жалға беру аз уақыт емес екенін айта келе, қазіргі қоғам жер сатуға мүлдем дайын емес деген ойын айтты.

Отпен ойнап, бірдеңені ұшықтырып алмайық. Сондықтан жеке меншік деген нәрсені айтпай тұра тұрайық. Мен мойныма аманаттаған нәрсені жеткізіп отырмын,-деді ол.
24 сәуір 2021 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930