Өскен өңір » Жаңалықтар » Жыл басынан бері 2000-нан астам кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді
Жыл басынан бері 2000-нан астам кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді
Биыл өңірге 424 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қаржылай қолдау үшін әртүрлі көздерден 23 млрд теңгеге жуық қаржы қаралып, 2000-нан астам жобаға қолдау көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті V сессиясында хабарлады.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жыл басынан бері несие портфелі 14 млрд. теңгені құрайтын 484 жоба субсидияланды. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 72 872 бірлікті құрап, 35,6%-ға ұлғайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл басталған жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыздық жеңілдікпен кредит беру жұмыстары айрықша қолдау тапты. Республикалық бюджеттен 1 млрд 285 млн теңге қаржы бөлінді. Өтінімдер өңірлік бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияда қаралып, 264 жас кәсіпкер оң қорытынды алды, ал 172 жас кәсіпкер өз кәсібін бастады», – деді аймақ басшысы.