Кеше «Қызылорда облысының үздік баспасөз хатшысы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталып, марапаттау рәсімі өтті.
Еске салсақ, 21 шілдеден бастап қоғаммен байланыс мамандарының облыстық байқауына қатысуға өтінімдер қабылданды. Байқау жеңімпаздары 31 шілдеден 7 тамызға дейін Қазақстанның «NewsHub.kz» ақпараттық хабының сайтында дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беруге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (журналистер) қатысты.
Байқаудың мақсаты – үздік PR мамандарын анықтау және марапаттау, саладағы кәсібилікті насихаттау. Сондай-ақ PR мамандарын кәсіби тәжірибе алмасу алаңымен қамтамасыз ету және PR мамандарына өз жұмысының сараптамалық бағасын алу мүмкіндігін беру.
Конкурс нәтижесінде Шиелі ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Әнәпия Рамазан Бектұрғанұлы «Үздік баспасөз хатшысы» атанды.
Жеңімпаз 400 000 теңге сыйлықпен және байқау ұйымдастырушысының дипломымен марапатталды.
Қазақстанның «NewsHub.kz» ақпараттық хабының бас директоры Ерлан Рамазанов жүлдені табыстап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.
Айта кетейік, осындай байқаулар Жетісу, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында да өтті. Сонымен қатар басқа облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда да ұйымдастырылмақ.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі