Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала пойызда қайтыс болды

Лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала пойызда қайтыс болды


Сурет ашық дереккөзден

«Атырау-Астрахань» бағытында лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» пойызында 2010 жылғы бала қайтыс болды. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1 жарым сағат өткенде бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Нарын станциясына жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын тіркеді.

Қайғылы оқиғаның себебі сараптама қорытындысынан кейін анықталады», – делінген мәлімдемеде.
07 тамыз 2023 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30