Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді

Жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді


«14 ақпанда пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан. Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екеніндігін және толғағы басталғанын хабарлады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хабарламасында. Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын станцияға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті. 14:53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние есігін ашқан қыз баланың есімін Әмина деп қойды. «Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және оның анасын қарап шықты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті», - делінген.

www.24.kz
16 ақпан 2021 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031