Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірім алматылық қарияны видео үшін соққыға жыққан

Жасөспірім алматылық қарияны видео үшін соққыға жыққан

img 6018

Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған, деп хабарлады  turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жігіттің қарт кісіге жақындап, бетінен бірнеше рет ұрғаны, содан кейін ер адам жерге құлап түскен видеосы пайда болды. Мұның бәрін тағы біреуі видеоға түсіріп тұрған.

Алматы полициясы деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді полицейлер.
02 тамыз 2023 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728