2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт Шүменовке қатысты дау: екі полицей қызметінен босатылды

Бейбіт Шүменовке қатысты дау: екі полицей қызметінен босатылды


коллаж: Halyq Uni

18 маусымда Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде жанжал болып, белгілі боксшы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды (қырғыз азаматы) ұрып-соққан. Сол кезде Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев боксшыға қатысты «бұзақылық» бойынша іс қозғалғанын, ал уақытында Бейбіт Шүменовке шара қолданбаған полиция қызметкері жауапқа тартылатынын айтқан.

Осы жанжалдан кейін тексеріс жүргізіліп, Есіл аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция инспекторы қызметінен босатылды. Кезекші бөлімшенің жедел кезекшісіне және «Есіл ауданы» ММ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторына қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту жасалды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Одан бөлек, аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды, аудандық полиция басқармасының басшысына сөгіс жарияланды.

Еске салайық, осы жанжалдан кейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті белгілі боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жариялады.

Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды.

Омбудсмен боксшы өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Оның пікірінше, Бейбіт Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.
02 тамыз 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930