Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында ауа райы қандай болады

Тамыз айында ауа райы қандай болады


Сурет ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, тамыз жаз маусымын аяқтайды және Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райынан басталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы шамалы төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін құбылады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқиды.

Күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалады.
Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршаққа ауысып отырады.

Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқиды, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+22°С, күндіз +28+38°С.

Айта кетейік, бір айға арналған болжамды консультатив ретінде пайдалану керек. Ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.
01 тамыз 2023 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930