Қазақстанда демалыс күндері қандай ауа райы болады
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 4-6 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның батысында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.“Батыс өңірлер белсенді фронтальді бөлімдер аймағында болады. Мұнда найзағай, бұршақ, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады”, – дейді синоптиктер.
Қазгидромет мәліметінше, ел аумағында ауа температурасы екі градусқа дейін төмендейді.
“Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 17-26 жылы, солтүстікте ауа температурасы түнде 4-13, күндіз 22-30 жылу, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2-17, күндіз 25-36 жылу, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14-22, күндіз 29-38 жылу”, – дейді мамандар.
https://stan.kz