Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жалғаса ма - Роман Скляр жауап берді

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жалғаса ма - Роман Скляр жауап берді


фото: Halyq Uni

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жалғастыру әзірге жоспарда жоқ. Ал утилизация алымы жалғаса береді.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бір топ депутаттың сауалына осылай деп жауап берді.

Бұған дейін мәжілісмендер техниканы утилизациялауға арналған зауыттың бірі бүгінде жұмыс істемейтіндіктен, утиль алымды уақытша тоқтатуды талап еткен болатын. Ал осы уақытқа дейін жиналған қаражатты 4 пайыздық автонесие жобасына бөлу ұсынылған еді.
Роман Склярдың айтуынша, техниканы утилизациялауға арналған өзге 4 зауыт бар.

Яғни, Экологиялық кодекске сүйенсек, осы уақытқа дейін жиналған қаражатты 4 пайыздық автонесие жобасына бөлу мүмкін емес, - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ вице-премьер 4 пайыздық автонесие жобасының ескірген қоғамдық көліктерді жаңартуға бағытталатынын еске салып өтті.
27 шілде 2023 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031