Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Роман Скляр 4 пайызбен берілетін автокөлік бағдарламасы неліктен тұралап қалғанын түсіндірді

Роман Скляр 4 пайызбен берілетін автокөлік бағдарламасы неліктен тұралап қалғанын түсіндірді




(Фото: jambylinfo.kz сайтынан алынды)

Бірінші вице-министр Роман Скляр елдегі жеңілдетілген автокөлік бағдарламасы неліктен басталмай жатқанын түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтап тұр. Бұған дейін ай сайын револьверлік жүйемен ашық ұйымдастырылады деген бағдарлама наурыз айында өтпеді. Осыған орай еліміздің бірінші вице-министрі Роман Скляр неліктен туралап тұрғанын түсіндірді. Сөзінше көлік рәсімдеуге ниетті ел азаматтары өте көп. Ал оған бөлінген қаржы жеткіліксіз. 

“Қайта қаржыландыру бойынша ұйымдастырылса ай сайын револьверлік негізде шамамен 400-500 автомобиль беруге болады. Ал сатып алғысы келетін 100 мыңнан астам адам бар. Сондықтан бұл мәселемен қазір Үкімет емес "Бәйтерек" холдингі айналысып жатыр. Әрі олар бұл қаражатты қалай пайдалану туралы түрлі нұсқаларды қарастыруда", - деді Роман Скляр.

Еске салайық, бұған дейін ақпан айында басталған бағдарлама 18 секундта-ақ аяқталғаны жазылған еді.
11 сәуір 2023 ж. 242 0