Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Жеңілдетілген автонесие алудың тәртібі өзгеруі мүмкін

Жеңілдетілген автонесие алудың тәртібі өзгеруі мүмкін

Қаңтар айының соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл жолы автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін.



Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер жайлы мәлім етті. Оның айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры арнайы брифинг өткізіп, толық мағлұмат береді.
«Бағдарламаның тетігі қайта қаралады. Бұған дейін адамдар алдымен автосалондарға барып, содан кейін банкке жүгінетін. Енді Өнеркәсіпті дамыту қорының жаңа механизмі бойынша алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгіну керек. Онда электронды кезек болады, содан кейін автосалонға бару қажет. Ал автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсынады», деді М. Қарабаев.
Айта кетейік, берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс. Автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. 
---
24 қаңтар 2023 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031