4 процентпен темір тұлпар мінем десеңіз...
16 мамырдан бастап елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Алайда бағдарлама басталмай жатып-ақ автосалондарда ұзын-сонар кезек пайда болған.
Мәселен, ірі қалалардағы автосалондардың өзінде 100-деген адамнан тұратын кезек байқалған. Барлығының мақсаты біреу – 4 процентпен берілетін автонесиеге өтінім қалдыру. Дегенмен сарапшылардың сөзінше бағдарламаның бірінші күнінде кезекке тұрғандардың өзі автокөлікке қол жеткізе алмауы мүмкін. Себебі екінші деңгейлі банктер бірнеше жыл бұрын іске асырылған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысып, бірақ көлік ала алмаған азаматтарға басымдық беруді көздеп отыр. Ал биылғы жылы автонесиеге бар болғаны 100 млрд теңге бөлінетінін ескерсек, бұл бағдарлама 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді деген сөз. Былтыр елдегі автокөлік нарығында 120 мың жаңа көлік сатылғанына қарап отырып, осы 10 мың көліктің қазақстандықтардың көлікке деген нақты сұранысын мүлде қанағаттандыра алмайтынын байқаймыз.

Әйтсе де «үмітсіз шайтан» демекші бағдарлама арқылы автокөлік алуға ниетті болсаңыз, мына жағдайларды ескергеніңіз дұрыс. Негізінен жеңілдетілген автонесие рәсімдеу үшін сіздің жасыңыз 21 жастан асуы тиіс. Тұрақты айлық табысыңыз ресми дәлелденуі міндетті. Әрбір екінші деңгейлі банк өз тұтынушысын жеке қарайтынын білген дұрыс. Оның ішінде тұтынушының несие тарихы, табыс көзі және тағы да басқа шарттар міндетті түрде қаралады. Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктер белгілі болғаннан кейін, бірден жеңілдетілген несие алуға өтініш жазуыңыз керек. Бұл жылдам бітетін рәсім емес: банк сіздің төлем қабілетіңіз, несие тарихыңызды зерттейді, ай сайынғы табыс және тағы басқалары. Азаматтар барлық кедергілерден өтіп, автокөлікке қол жеткіздім дегеннің өзінде, бағдараманың өздері ойлағандай тиімді емес екендігін түсінуі керек. Мысалы сіз орташа есеппен алғанда 8 млн теңге тұратын көлікті жылдық 4 процент өсімімен, 7 жылға несиеге алсаңыз, ай сайын 122 мың теңге көлемінде банктерге берешек боласыз. Бұл дегеніміз сіз 7 жыл бойы автокөліктің несиесінен құтылу үшін өмір сүресіз деген сөз. Ал сол көлгіңіздің 7 жылдан кейінгі жағдайы қандай боларын кім білсін?
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ