Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар несиені кешіктіріп төлей алады

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар несиені кешіктіріп төлей алады


фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жедел кеңес өтті.

Жиында биыл жауын-шашын аз болған және аптап ыстық тіркелген Қазақстанның кей өңірлеріндегі ахуал талқыланды.

Сондай-ақ қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні сөз болды.
 
«Бәйтерек» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады.

Биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен қосымша дизель отыны бөлінеді.

Егін мен мал басын сақтау үшін сыйақы ретінде 1,6 млр теңге бөлінеді. Оның 1,3 млрд теңгесі – субсидия.

Сақтандыру сыйақысын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілген.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек, — деді Серік Жұманғарин.
27 шілде 2023 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930