Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіске несие беру жалғасып жатыр

Егіске несие беру жалғасып жатыр



2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмысын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталғаннан кейін 9 күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 211 өтінім келіп түскен. Тағы 668 фермер – құжат жинау сатысында.

Республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы транш 70 млрд теңге корпорацияның шотына түскен. Қаржыландырудың көп бөлігі 5,8 млрд теңге несие серіктестіктері арқылы беріл­ген. Микроқаржы ұйым­дары арқылы фермерлер 800 млн теңге рәсімдеді. Биыл несие алуды жеңілдету және жеделдету мақсатында Аграр­лық несие корпорациясы қар­жылан­дыруды тек несие серіктес­тіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарын қор­лан­дыру арқылы жүзеге асырып жатыр. Несие қаражаты қаржы ұйым­дарына 1,5 пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5 пайыздан басталатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Ал қаржы ұйымдары шаруа­шылықтарға несиені жыл­дық 5 пайызға дейінгі сыйақы мөлшер­лемесімен рәсімдейді.
«Бұл қаражат жанар-жа­ғармай, ауыл шаруашылығы тех­никасын жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер, минералды тыңайтқыш, тұқым сатып алуға және егін егу мен жинауға арналған өзге де іс-шараларға жұмсалуға тиіс. 2022 жылдан бас­тап бағдарлама шарттары бо­йынша алғаш рет несиелеу мерзімі келесі жыл көктемінің басына дейін ұзартылды. Бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген еді», деп хабарлайды «Бәйтерек» холдингі.
Сонымен қатар оңтүстік ай­мақ­­­тар алғаш рет өткен жылдар­дағыдай сәуір айында емес, алдын ала, яғни былтыр желтоқсанда қаржы­лан­дырылды. Сондай-ақ 1 гектар­ға жұм­салатын шығыстар норма­тиві­­нің мөлшері орта есеппен 25 пайызға көбейтілген.
«Бәйтерек» ұлттық Басқару­шы хол­дингі» АҚ басқарма төраға­сы­ның бірінші орынбасары Нұрбо­лат Айдап­келовтің айтуынша, 2022 жылы ауыл шаруашылығы 9 пайыз­ға өсім көрсетті. Оның алдында орташа өсу қарқыны 3-4 пайыз болған.
«Геосаяси оқиғаларға және олардың салдарына қарамастан өнеркәсіп өсіп отыр. Бұған өсімдік шаруашылығы айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өнімі 39 пайызға – 22,8 млн тоннаға дейін артты, оның ішінде бидай 44 пайызға – 17 млн тоннаға дейін артты. Майлы дақылдардың өнімі шамамен 17 пайызға – 2,8 млн тоннаға дейін, көкөністер 4 пайызға – 4,9 млн тоннаға дейін артты. Мал шаруашылығына да көрсеткіштер өсті. Ірі қара мал басы 2,5 пайызға – 8,4 млн басқа, қой 2,2 пайызға – 19 млн басқа, құс 3,8 пайызға – 49,5 млн басқа дейін өсті. Бұл деректерге қарасақ, ауыл шаруашылығы сырт­қы дағдарыстарға төтеп бере алатынын және әрі қарай даму үшін негізі мықты екенін көрсетті», дейді ол.
Үкімет басшысы Әлихан Смайы­ловтың айтуынша, биыл егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны қажет.
«Бұл өткен жылы бөлінген көлемнен 13 мың тоннаға көп. Қазір­гі уақытта облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кес­тесінің жобасын әзірлеу, сондай-ақ егіс жұмыстарына жос­парланатын дизель отынының көлемі мен бағасын келісу жүр­гізіліп жа­тыр. Көктемгі науқанды тех­ни­ка­лық қамтамасыз ету бөлі­гінде ауыл шаруашылығы құры­лым­дарында 141,7 мың трактор, 4 300 бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 73,2 мың сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу машинасы бар», деді Премьер-министр депутат сауалына берген жауабында.

08 ақпан 2023 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930