Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды

Коронавирус: Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды

BAQ.KZ. ҚР президенті Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жеңілдетілген несие беруді тапсырды. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын, - деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті екенін айтты.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді, - деп жазды президент Twitter-ге.
20 наурыз 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930