Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада нашақорлыққа қарсы кешенді акция өтті

Қызылордада нашақорлыққа қарсы кешенді акция өтті



«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» мерекесіне орай Қызылорда қаласының орталық мәдениет және демалыс паркінде ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді.Акция барысында митинг өткізіліп, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыста үздік болып танылған түрлі сала өкілдері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оның барысында тақырыптық театрлық және би қойылымдарының көрсетілімі назарға ұсынылып, жергілікті және шақырылған әншілер өз өнерлерін паш етті.

Концертке қатысу үшін қазақстандық эстрада дуэті Елдос Жанұзақ пен Бейбарыс Садық шақырылды, олар өз сөздері барысында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден алыс болуға шақырды.

Сондай-ақ, есірткіге қарсы полиграфиялық өнімдер мен балаларға арналған ойыншықтар таратылды.
26 маусым 2023 ж. 116 0