Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Грек жаңғағының 7 пайдасы

Грек жаңғағының 7 пайдасы

img 4196

Грек жаңғағының денсаулығыңызды нығайтып, сауықтыратын қасиетін білесіз бе? Америкалық ғалымдардың зерттеуінше, бұл жаңғақ ми жұмысын жақсартып, ойлау қабілетін дамытады. Әлемде 40 шақты, елімізде екі түрі кездеседі. Назарыңызға жаңғақтың тағы біз біле бермейтін пайдалы қасиеттерін ұсынамыз.

Грек жаңғағы келесі қоректік заттарға бай:
Витаминдер – А, В1, В2, В6, С, К, РР.
Минералдар – Ca, K, Mg, Zn, Fe, Na.
Май қышқылдары – Омега 3, Омега 6.
Ақуыз – 17%.

Жаңғақтың күнделікті жеудің пайдасы:
1. Жүрек-қан тамыр ауруларынан сақтайды.Құрамындағы Омега 3 ағзадағы холестерин мөлшерін реттеп, инфаркт, инсульт, артериалды гипертензияның алдын алады.

2. Иммунитетті күшейтеді.
3. Жаңғақтағы полифенол антиоксиданттық қасиетке ие, ол қатерлі ісіктерді, вирус пен бактерияларды жояды.
4. Ас қорыту жүйесін жақсартады. Ішектегі пайдалы микробиотаны көбейтеді. Бұл бактериялар патогенді ағзаларды жойып, микроэлементтер мен витаминдердің сіңуіне септігін тигізеді.
5. Гормональды фонды қалпына келтіреді. Грек жаңғағы йодқа бай. Йод қалқанша без гормондарының синтезіне қатысады, өз кезегінде тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) ағзаның барлық жүйелерін реттейді.
6. Құрамындағы фитоэстроген сүт безі қатерлі ісігінің алдын алады.
7. Сондай-ақ жаңғақта көп мөлшерде белок болады. Ол бала ағзасының өсуіне септігін тигізіп, есте сақтау қабілетін арттырады.

Грек жаңғағы кімге зиян?
Ми тамырлары, басы ауыратындарға 25 дана жаңғақтан артық жеуге болмайды. Жалпы диетолог мамандар күніне 100 грамнан артық жемеуге кеңес береді. Аллергиясы барларға да грек жаңғағы қауіпті екенін білгеніңіз жөн.

Ағашының биіктігі 30-35 м. 300 жылдан артық жасайды. Жапырақтары тілімделген қатарланып орналасқан, хош иісті. Жапырағынан, гүлінен бояу, алколоид, дәрумендералынады. Сондай-ақ, жапырағымен балалардың бұлақ рахит ауруын емдеуге болады (5 г талқандалған жапырақты бір стақан суға қайнатып, күніне 3 рет ішеді).
16 маусым 2023 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930