Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Альбиностар туралы не білеміз?

Альбиностар туралы не білеміз?

albinos

Альбиностар –  «альбинизм» ауруына ауыратын жандар. Бұл дертке көп жағдайда жатырда жатқанында-ақ ағзасында меланин пигменті тым аз немесе мүлде жоқ адамдар шалдығады.

Альбинизм теріде, шашта және көзде пигменттің болмауымен, яғни  реңсіздікпен сипатталады. Бұл адамдардың шаштары мен қастары ақшыл немесе сұр, көздері көк, ал тері өте ашық түсте болады.

Дерт, әдетте, гендік мутациялардың тасымалдаушысы саналатын ата-аналардан тұқым қуалайды. Бірақ стихиялық мутациялар да пайда болуы мүмкін. Баласында альбинизм болуы үшін ата-аналардың екеуі де гендік мутациялардың тасымалдаушысы болуы керек. Десе де бұл  барлық ұрпақтарында кездесеті деген сөз емес.

Альбинизмнің таралу деңгейі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері, әсіресе Танзания, Малави және Нигерияда жоғары.
Аталған аймақтарда дерттің не себепті көп жайылғаны белгісіз. Кей зерттеулерге сүйенсек, бұл генетикалық факторлардың жиынтығымен және туыстық некенің жоғары деңгейімен байланысты болуы мүмкін.

Альбинизммен ауыратын адамдардың ерекшелігі
Олардың ең көрнекті сипаттамасы – шашта, теріде және көзде пигменттің болмауы. Терісі өте бозғылт болғандықтан, көбінесе күн сәулесіне сезімтал келеді. Бұл адамдардың көздерінде ақаулар жиі болады, яғни миопия немесе астигматизм анықталады. Сондай-ақ альбиностарда нистагм болуы мүмкін, бұл жағдайда олардың көздер еріксіз жылдам қозғалады.

Альбинизммен ауыратын адамдар толыққанды өмір сүре алады және тиісті күтімнің арқасында  көру қабілеті мен терінің сезімталдығын тиімді басқара алады.
14 маусым 2023 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930