ДЕПРЕССИЯ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?
Депрессия - әлем бойынша өте көп таралған дерттің түрі. Бұл аурумен 350 млн адам ауырады. Депрессия нашар көңіл-күйден басталып, аяқ асты пайда болатын мәселелерге байланысты эмоционалды тұрғыдан әсер ететін факторлармен аяқталуы мүмкін. Көбінесе аталған ауру күнделікті тұрмыстық жағдайда орын алатын оқиғалармен тығыз байланысты болып келеді: үй ішімен ұрысу, қалаған нәрсеңнің орындалмай қалуы, жоспарлардың іске аспай немесе оның әп сәтте өзгеруі, өміріңде қиындық болып жатқан уақытта үстінен тағы да қырсық шалу деген секілді. Дәл осындай қиын қыстау кезеңде депрессияның алғашқы симптомдарын ажырата біліп, дәрігерлер көмегіне дер кезінде жүгіну қажет.
Депрессия дегеніміз не?
Депрессия - көптеген адамда кездесетін психикалық бұзылудың бір түрі. Ол көңіл-күйдің төмен болуы, қызығушылықтың жоғалуы, ангедония (белгілі бір өмір қызықтарынан рахатты сезінбеу), адамның өзін әрдайым кінәлі сезінуі мен тұлға ретінде төмен бағалауы, ұйқының бұзылуы мен тәбеттің болмауымен сипатталады.
Он адамның біреуі депрессияның ауыр түріне шалдықса, әр бесінші адам психикалық бұзылудың бұл түрімен өмір бойы дерт тартады. 2020 жылға қарай депрессия мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі болады. Ал 2030 жылы ол - ауру түрі шығатын көзге айналады.
Депрессия түрлері
"Эндогендік" депрессия - депрессияның неліктен, қандай себептермен пайда болғанын білмеуді білдіреді. Бұл жағдайда мұны химиялық немесе биологиялық бұзылу деп атайды. Депрессияның бұл түрі тұқымқуалаушылықпен емес, көбінесе өмірлік қиындықтардың әсерінен пайда болады. Эндогендік депрессия мазасыздық және ұйқысыздықпен сипатталады.
Депрессия симптомдары
Депрессиядан зардап шегетін адамдар белгілі бір шаруаға қызығушылын жоғалтады және басқа да оқиғаларға мүлдем қызығушылық танытпайды. Бұл депрессиямен ауыратын адамның алғашқы симптомдарының бірі. Сондай-ақ, симптомдардың қатарына тұрақты мұңды, үмітсіздік сезімін, шаршау, проблемаларды ойлау немесе қабылдау, қиындықтарды шешуге деген ұмтылыстың болмауы, әлеуметтік оқшаулауды жатқызамыз.
Депрессия кезінде адамның тамаққа тәбеті мүлдем болмауы мүмкін немесе керісінше тамақты өте көп жеуі мүмкін. Сол секілді ұйқыға байланысты: мүлдем ұйықтамауы мүмкін және күні бойы оянбай ұйықтауы мүмкін.
Психосоматика
Психосоматикалық аурулар психикалық және психологиялық факторлармен тығыз байланысты. Психосоматикалық аурулар эмоционалдық стресс пен физикалық симптомдардың әсерінен туындайды. Әсіресе, стресс туындаған кезде адамның иммундық жүйесі әлсіреп, ойлау жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Депрессияда физикалық симптомдар жиі кездеседі. Олар созылмалы іштің ауырсынуын, қол мен арқадағы ауырсынуды, асқазан-ішек ауруларын, шаршау мен ұйқының бұзылуын, психомоторлы белсенділіктің өзгеруін және тәбеттің бұзылуын қамтиды.
Жұмыс орнындағы депрессия
Депрессия - қызметкерлерге көмек көрсету үшін жұмыс орындарындағы ең үлкен үш мәселенің бірі. Бірінші және екінші орында отбасылық дағдарыстар мен күйзеліс мәселелері тұр. Жұмыстан демалу мақсатында сұранатын жағдайлардың көбісі депрессия ұғымына қатысты. Депрессиямен ауыратын қызметкер жиі емделуге, демалуға ұмтылмайды, себебі ол жұмыста қиындықтар туып қалуы мүмкін деп қорқады. Көптеген қызметкерлер өзінің депрессияға ұшырағанын да білмей қалады.
Депрессия туралы не білу қажет?
Депрессияның негізгі белгілерін тану өте маңызды - бұл сізге қажетті терапияны алу үшін мүмкіндігінше жылдам көмектеседі. Депрессия - емделуге міндетті және маңызды көзқарасты талап ететін ауру. Тек дәрігер ғана қажетті терапияны жаза алады.
http://reactor.inform.kz/