Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды – Нұрлан Ұранхаев

Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды – Нұрлан Ұранхаев



Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі.
Табиғи өртті сөндіруге атсалысқан барлық күштердің арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.

Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар.

«Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай азайғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек», – деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
14 маусым 2023 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30