Мемлекет басшысы әулиекөлдіктердің жағдайын білді
Сапар барысында Президент 2 қыркүйек күні орман өрті шыққан Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады. Президент өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтып, табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін атап өтіп, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына барлық ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ Президент үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті. Мұнан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Қостанай облысының әкімдігіне зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеу мәселесін қамтамасыз етуді тапсырды.
– Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр.
Көмек көрсетілетіне ешқандай күмән болмауға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Келесі кезекте Қасым-Жомарт Тоқаев өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Президент Төтенше жағдайлар министрлігін ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік, соның ішінде тұрғын үйге және жатақханаға қатысты мәселелерін шешуге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға қабілетті институт ретінде айтарлықтай күшейту қажет екеніне тоқталды.
Мұнан соң Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ өртті ауыздықтауға тартылған еріктілермен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты. Сөз соңында Президент материалдық үлес жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кадрлар дайындау үшін кешенді шаралар қабылданатынын жеткізді.
Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мұнда Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды.
– Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, – деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенген болатын. Өрттің салдарынан бірнеше ауылдағы 108 құрылыс бүлінген. 1800-ден аса адам эвакуацияланған. 10 адам жарақат алған, оның ішінде күйік шалғандар, уланғандар бар. Сонымен қатар, 1935 жылы туған ер адам қаза болды. Өңірде жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған. ТЖМ мәліметтері бойынша, қазір бес учаскеде, яғни Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Аманқарағай ауылында жағдай тұрақталған.
Р.ӘНӘПИЯ