Сібірдегі орман өртін сөндіру үшін әскерилер жұмылдырылды
Сібірде орман өрті өршіп тұр.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қызыл жалын Аляска мен Канадаға жақындап қалды. Ресейдің қорғаныс министрлігі өңірге әскери 10 ұшақ пен 10 тікұшақты жіберді. Мамандар 3 млн гектарға жуық жер күлге айналғанын айтады. Оның 1,7 млн-ы Иркутск пен Красноярск облысына жатады.
Сергей Абанин, Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің өкілі:
– Орман өртінің ушығуы аптап ыстық пен қуаңшылықтың себебінен болып отыр. Сонымен қатар кейбір өрт ошақтарының толықтай сөнбеуі де себеп.
Өртті ауыздықтау үшін мамандар пиропатрон арқылы жасанды жолмен жауын жаудыруды жоспарлап отыр. Ал Ресейдің тергеу комитеті Красноярск өңіріндегі кейбір жауапты лауазымды адамдарға қатысты өртті уақытылы сөндірмегені үшін қылмыстық іс қозғады.
24.kz