Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей орманындағы өрт түтіні Қазақстанға дейін жетті

Ресей орманындағы өрт түтіні Қазақстанға дейін жетті

Сібірде өртеніп жатқан ормандардан шыққан түтін Қазақстанның бірнеше аймағына дейін жетті. 

РеÑей оÑманÑндаÒÑ Ó©ÑÑ ÑÒ¯ÑÑÐ½Ñ ÒазаÒÑÑанÒа дейÑн жеÑÑÑ
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, өрт түтіні Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарын, Қостанай облысын, Нұр-Сұлтан қаласын қамтыды. Сонымен қатар Қарағанды облысына және Алматы облысының солтүстік аудандарына таралды.
Түтінді Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында көруге болады.
Әуе орман күзетінің мәліметтеріне сәйкес, 28 шілде күні сағат 0: 00-де Ресейде 89 мың гектардан астам аумақты шарпыған 126 орман өрті болды. Күні бойы 834 гектар аумақта 46 өрт жойылды.
Бұған дейін министрлік Сібірдегі орман өрттеріне +30 градусқа дейінгі ыстық температура себеп болғанын айтты. Жаңбыр жаумай, жер құрғақтанып, онымен қоса жел соққаны әсер еткен.

stan.kz
29 шілде 2019 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930