Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бес облысында күн суытады

Қазақстанның бес облысында күн суытады

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады. Мамандар бес облысқа ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің солтүстік бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды.
31 тамыз күні Петропавлда осындай жылдамдықта жел соғады. 1-2 қыркүйекте түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында ауа температурасы 3°С дейін төмендейді.
2-3 қыркүйекте түнде Қарағанды облысында, 3 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.
Астанада 1-2 қыркүйек күндері түнгі уақытта топырақ беті 2 градусқа дейін тоңазиды.
31 тамыз 2018 ж. 1 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31